Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

«Shabyt Kids» республикалық байқауы

«Shabyt Kids» республикалық байқауы – балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, музыкалық өнерге деген қызығушылығын арттыруға, жас таланттарды анықтап, олардың өнерін кеңінен насихаттауға бағытталған маңызды шығармашылық алаң.

Байқауға қатысушылар өздерінің вокалдық және аспаптық орындаушылық шеберліктерін, музыкалық қабілеттерін, сахна мәдениетін және шығармашылық ізденістерін жоғары деңгейде көрсете білді.

Вокалдық бағыт бойынша қатысушылардың ән орындау мәнері, дауыс ерекшелігі, музыкалық ырғақты сезінуі, шығарманың мазмұнын жеткізе білуі мен сахнада өзін-өзі ұстауы назар аударуға тұрарлық. Әрбір орындаушының өнерінен дайындықтың, ізденістің және ұстаз еңбегінің нәтижесі байқалады.

Аспаптық өнер бағытында қатысушылар музыкалық шығармаларды орындау барысында аспапты меңгеру деңгейін, орындаушылық дәлдігін, ырғақ пен әуен үйлесімділігін көрсетті. Олардың музыкалық шығармаларды өзіндік мәнермен жеткізуге деген талпынысы ерекше әсер қалдырды.
Жалпы, байқау жас өнерпаздардың шығармашылық әлеуетін ашуға, эстетикалық талғамын қалыптастыруға және өнерге деген сүйіспеншілігін арттыруға үлкен мүмкіндік береді.
Қорытындылай келе, «Shabyt Kids» республикалық байқауына қатысушылардың өнерін жоғары бағалай отырып, олардың шығармашылық ізденістеріне, талпыныстарына және музыкалық қабілеттеріне оң баға беремін. Жас өнерпаздарға алдағы уақытта да шығармашылық табыс, биік белестер мен толағай жетістіктер тілеймін!