Жаңалықтар
🧠✨ Интеллектуалды сайыс өтті
!Балабақшамызда мақал-мәтел айту және жұмбақ шешуден қызықты әрі тартысты интеллектуалды сайыс ұйымдастырылды.Бүлдіршіндеріміз тапқырлықтарын танытып, мақал-мәтелдерді мәнерлеп айтып, жұмбақтардың шешімін жылдам тауып, өз білімдерін көрсетті 👏Сайыс барысында балалардың ойлау қабілеті, сөздік қоры және жылдам шешім қабылдау дағдылары дамыды.Ұлттық мұрамызды дәріптей отырып, балалардың зияткерлік қабілетін арттыру — басты мақсатымыз 💙Жеңімпаздар марапатталып, барлық қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйланды! Адалазаматбіртұтас_тәрбие каскадты_оқыту @oqu_agartu_ministrligi@altynsarin_akademiasy@gani.beisembayev@akimat__astana@bilimastana@k.sengazyyev_official@qosymsha_ast
🚀 БОЛАШАҚ — БҮГІННЕН БАСТАЛАДЫ!
18 ақпан 2026 жылы Астана қаласында өткенAI91: «ЖИ бар әлемдегі менеджмент және оқыту» І Республикалық форум аясында балабақшамыздың тәрбиеленушілері көрмеге белсенді қатысты.Біздің бүлдіршіндер республикадан келген бірінші басшыларға дрон-соккер бойынша өз шеберліктерін көрсетіп, дронды басқару өнерін паш етті ✨Заманауи технологияны еркін меңгерген балаларымыздың сенімділігі мен қызығушылығы қонақтарды ерекше әсерге бөледі.Біз – цифрлық дәуірдің батыл, жаңашыл ұрпағын тәрбиелеп келеміз! 💙 @oqu_agartu_ministrligi@deputat_zhuldyz_suleymenova@akimat_astana@jenis_qasymbek@baikenyesset@k.sengazyyev_official@bilimastana@astana_adistemelik_ortalyq
🔥 «Заң мен тәртіп» айлығы аясында
Балабақшамызда балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық іс-шаралар өткізілді.Іс-шара барысында:✅ Өрт кезіндегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді;✅ Танымдық әңгімелер мен көрнекі бейнематериалдар көрсетілді;✅ Қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған тәжірибе де жүргізілді. 👶 Қамтылғандар:– Тәрбиеленушілер– Қызметкерлер Балалардың қауіпсіздігі – біздің басты міндетіміз!
✨ «Менің сүйікті кейіпкерім» 🎭📚
Бүгін балабақшамызда ерекше көңіл-күй сыйлаған, мазмұны терең, тәрбиелік мәні зор «Менің сүйікті кейіпкерім» атты іс-шара ұйымдастырылды. Қазіргі мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – баланың тілін дамыту, шығармашылық әлеуетін ашу және рухани-адамгершілік құндылықтарды бойына сіңіру. Осы мақсатта ұйымдастырылған шара барысында бүлдіршіндер өздерінің сүйікті ертегі кейіпкерлерінің бейнесіне еніп, сахна төрінде өнер көрсетті. Балалар кейіпкерлерінің мінез-құлқын, іс-әрекетін шынайы жеткізе отырып, сөйлеу мәдениетін, сахнада өзін ұстау дағдыларын дамытты. Театрландырылған қойылымдар арқылы олар қиялын ұштап, батылдық пен сенімділікті бойларына сіңірді.
Тұзды шахта
Балаларыңыздың иммунитетін күшейту үшін таптырмас мүмкіндік🤩Тұзды шахтаға жазылыңыздар😊
Скалодром
Біздің балабақшада қосымша ақылы «Скалодром» үйірмесі ашылды🤩✊🏻 Балаларыңызды жазу үшін тәрбиешіңізге жүгініңіз