Бүгін балабақшамызда ерекше көңіл-күй сыйлаған, мазмұны терең, тәрбиелік мәні зор «Менің сүйікті кейіпкерім» атты іс-шара ұйымдастырылды.
Қазіргі мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – баланың тілін дамыту, шығармашылық әлеуетін ашу және рухани-адамгершілік құндылықтарды бойына сіңіру. Осы мақсатта ұйымдастырылған шара барысында бүлдіршіндер өздерінің сүйікті ертегі кейіпкерлерінің бейнесіне еніп, сахна төрінде өнер көрсетті.
Балалар кейіпкерлерінің мінез-құлқын, іс-әрекетін шынайы жеткізе отырып, сөйлеу мәдениетін, сахнада өзін ұстау дағдыларын дамытты. Театрландырылған қойылымдар арқылы олар қиялын ұштап, батылдық пен сенімділікті бойларына сіңірді.
🌟 Әр бала – бір жұлдыз!
🌟 Әр кейіпкер – бір тәрбие мектебі!
Осындай мазмұнды іс-шаралар арқылы біз балалардың шығармашылығын қолдап, рухани бай, тілге бай, өнерге құштар тұлға тәрбиелеуді жалғастырамыз. @oqu_agartu_ministrligi
@altynsarin_akademiasy
@astana_akimdigi_akimat_astana
@bilimastana
@qosymsha_ast