Category:

Жаңалық

🔥 «Заң мен тәртіп» айлығы аясында

Балабақшамызда балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық іс-шаралар өткізілді.Іс-шара барысында:✅ Өрт кезіндегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді;✅ Танымдық әңгімелер мен көрнекі бейнематериалдар көрсетілді;✅ Қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған тәжірибе де жүргізілді. 👶 Қамтылғандар:– Тәрбиеленушілер– Қызметкерлер Балалардың қауіпсіздігі – біздің басты міндетіміз!

Continue reading ➝

🚀 БОЛАШАҚ — БҮГІННЕН БАСТАЛАДЫ!

18 ақпан 2026 жылы Астана қаласында өткенAI91: «ЖИ бар әлемдегі менеджмент және оқыту» І Республикалық форум аясында балабақшамыздың тәрбиеленушілері көрмеге белсенді қатысты.Біздің бүлдіршіндер республикадан келген бірінші басшыларға дрон-соккер бойынша өз шеберліктерін көрсетіп, дронды басқару өнерін паш етті ✨Заманауи технологияны еркін меңгерген балаларымыздың сенімділігі мен қызығушылығы қонақтарды ерекше әсерге бөледі.Біз – цифрлық дәуірдің батыл, жаңашыл ұрпағын тәрбиелеп келеміз! 💙 @oqu_agartu_ministrligi@deputat_zhuldyz_suleymenova@akimat_astana@jenis_qasymbek@baikenyesset@k.sengazyyev_official@bilimastana@astana_adistemelik_ortalyq

Continue reading ➝

🧠✨ Интеллектуалды сайыс өтті

!Балабақшамызда мақал-мәтел айту және жұмбақ шешуден қызықты әрі тартысты интеллектуалды сайыс ұйымдастырылды.Бүлдіршіндеріміз тапқырлықтарын танытып, мақал-мәтелдерді мәнерлеп айтып, жұмбақтардың шешімін жылдам тауып, өз білімдерін көрсетті 👏Сайыс барысында балалардың ойлау қабілеті, сөздік қоры және жылдам шешім қабылдау дағдылары дамыды.Ұлттық мұрамызды дәріптей отырып, балалардың зияткерлік қабілетін арттыру — басты мақсатымыз 💙Жеңімпаздар марапатталып, барлық қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйланды! Адалазаматбіртұтас_тәрбие каскадты_оқыту @oqu_agartu_ministrligi@altynsarin_akademiasy@gani.beisembayev@akimat__astana@bilimastana@k.sengazyyev_official@qosymsha_ast

Continue reading ➝

✨ «Менің сүйікті кейіпкерім» 🎭📚

Бүгін балабақшамызда ерекше көңіл-күй сыйлаған, мазмұны терең, тәрбиелік мәні зор «Менің сүйікті кейіпкерім» атты іс-шара ұйымдастырылды. Қазіргі мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – баланың тілін дамыту, шығармашылық әлеуетін ашу және рухани-адамгершілік құндылықтарды бойына сіңіру. Осы мақсатта ұйымдастырылған шара барысында бүлдіршіндер өздерінің сүйікті ертегі кейіпкерлерінің бейнесіне еніп, сахна төрінде өнер көрсетті. Балалар кейіпкерлерінің мінез-құлқын, іс-әрекетін шынайы жеткізе отырып, сөйлеу мәдениетін, сахнада өзін ұстау дағдыларын дамытты. Театрландырылған қойылымдар арқылы олар қиялын ұштап, батылдық пен сенімділікті бойларына сіңірді.

Continue reading ➝

❄️⛄ «Қардан жасалған мүсін» байқауы — шығармашылық пен бірліктің мерекесі! ⛄❄️

❄️⛄ «Қардан жасалған мүсін» байқауы — шығармашылық пен бірліктің мерекесі! ⛄❄️Балабақшамызда ата-аналар мен балалардың қатысуымен керемет «Қардан жасалған мүсін» байқауы өтті. Әр топ өз алаңқайында ерекше қиялмен, үлкен сүйіспеншілікпен әсем қар мүсіндерін жасап, нағыз ертегі әлемін қалыптастырды ✨Байқау қорытындысын шығару оңай болған жоқ — барлық мүсіндер бір-бірінен өтеді әдемі, креативті және мағыналы болды 🤍🏆 1 орын иегерлері:🌟 «Алтын сақа»🌟 «Бәйтерек»🌟 «Дарын»🌟 «Балдырған»🌟 «Зияткер» топтары🥈 2 орын иегерлері:✨ «Самұрық»✨ «Бір тамшы»✨ «Алтын балық»✨ «Ақбота»✨ «Алпамыс» топтары🎉 Барлық қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз!🤝

Continue reading ➝

Баланы адалдыққа, шыншылдыққа үйрету неден басталады?

Баланы адалдыққа, шыншылдыққа үйрету неден басталады?Ол – үлгіден, күнделікті әрекеттен, шынайы әңгімеден басталады 🤍«Ақбота» ересек тобында өткен ҰІӘ барысында балалар адалдық пен шыншылдықтың мәнін көріністер арқылы түсінді.Әр кейіпкердің әрекеті, таңдауы мен сөзі балаларды ойландырып, өз пікірлерін ашық айтуға жетеледі.✨ Жасанды интеллект мүмкіндіктерін қолдана отырып ұйымдастырылған іс-әрекет ерекше қызығушылық тудырды:интерактивті көріністер дауыс пен бейне элементтері баланың қиялын дамытатын цифрлық шешімдерБалалар белсенді қатысып, шынайы эмоциямен қабылдады 😊Ең бастысы – адал болу жақсы, шын айту маңызды екенін жүрекпен түсінді.👉 Біз үшін тәрбие –

Continue reading ➝

Балабақшамыздың меңгерушісі, нағыз көшбасшымыз Альфия Жанатқызы 🇰🇿 «Қазақстан» ұлттық арнасының «Қазір айтайық» бағдарламасында қонақ болып, маңызды тақырыпта сұхбат берді.

Балабақшамыздың меңгерушісі, нағыз көшбасшымыз Альфия Жанатқызы 🇰🇿 «Қазақстан» ұлттық арнасының «Қазір айтайық» бағдарламасында қонақ болып, маңызды тақырыпта сұхбат берді.Сұхбат барысында қоғам үшін аса өзекті мәселе – «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының маңызы кеңінен сөз болды.Бұл бағдарлама – бала тәрбиесінде отбасы, балабақша және қоғамның бір бағытта, бір мақсатта жұмыс істеуінің айқын үлгісі.👶 Бала – елдің ертеңі.📚 Тәрбие – болашақтың іргетасы.🤝 Ал біртұтас тәрбие – саналы, жауапты, ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген тұлға қалыптастырудың кепілі.Осындай маңызды алаңда өз ойымен, тәжірибесімен бөлісіп, мектепке дейінгі тәрбиенің өзекті

Continue reading ➝

Заң және тәртіп

Қаңтар – «Заң және тәртіп» айыРеспублика бойынша қаңтар айы «Заң және тәртіп» айы болып белгіленуіне орай, балабақшаларда жоспарлы жұмыстар жүргізілуде.Осы бағытта «Қарлығаш» шағын орталығында балалармен «Заң және тәртіп» тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекет (ҰІӘ) өткізілді.Іс-әрекет барысында балаларға қарапайым тәртіп ережелері, бір-біріне құрметпен қарау, қауіпсіз мінез-құлық негіздері ойын арқылы түсіндірілді.Мақсат – балалардың құқықтық сауаттылығын жас ерекшеліктеріне сай қалыптастыру, тәртіп пен жауапкершілікке баулу. ЗаңжәнеТәртіп #ҚаңтарАйы #ҚарлығашШағынОрталығы #ҰІӘ #БалаларТәрбиесі #ҚауіпсізОрта

Continue reading ➝

Қоршаған ортамен өзара әрекеттесудің бір шарты ретінде экологиялық мәдениетті қалыптастырудың заманауи тәсілдері

🌿 Кезекті педагогикалық кеңес Тақырып: «Қоршаған ортамен өзара әрекеттесудің бір шарты ретінде экологиялық мәдениетті қалыптастырудың заманауи тәсілдері» Бүгін тәрбиешілер қауымы табиғатты қорғау мен экологиялық мәдениетті қалыптастырудың жаңа тәсілдерін талқылады. ♻️ Кеңес барысында:– Эко-ойындар мен STEAM элементтерін қолдану– Қарапайым тәжірибелер арқылы экологиялық білім беру– Эко-дағдыларды күнделікті режимде қалыптастыру– Балабақшадағы эко-орта құру жолдары қарастырылды. 🌱 Балалардың табиғатқа деген жанашырлығын ерте жастан дамыту – болашаққа жасалған ең маңызды қадам. экотәрбие #экологиялықмәдениет #балабақша #педкеңес #педагогикалықкеңес #экоойындар #балатәрбиесі #ЭкоБолашақ

Continue reading ➝

АДАЛ АЗАМАТТЫ ТӘРБИЕЛЕУДЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САНАНЫҢ МАҢЫЗЫ 🌿

Баланы адал, жауапты азамат етіп тәрбиелеу – тек мінез қалыптастыру емес, оның табиғатқа деген қарым-қатынасын дұрыс бағыттау.Экологиялық сана – адалдық пен адамгершіліктің бір көрінісі. 🌱 Неге экосана маңызды? 🌿 Экосанасы қалыптасқан бала:✓ қоқысты сұрыптайды✓ суды, электрді үнемдейді✓ табиғатқа зиян келтірмеуді үйренеді✓ қоғамға пайдасы тиетін әрекетке бейім болады Адал азамат – қоршаған ортамен үйлесімде өмір сүре алатын адам.Сондықтан экологиялық тәрбиені ерте жастан бастау – болашаққа салынған ең берік инвестиция. 🌍💚

Continue reading ➝