Көктемгі мұз – қауіпті мұз!
Балаларға қауіпсіздік әліппесі:
Көктем келгенде өзен-көлдердегі мұз жұқарады, сырғанауға жарамайды.
Есте сақта!
– Мұзға жалғыз шықпа!
– Су жағасына жақындама!
– Үлкендердің рұқсатынсыз ойнама!
– Біреу суға түсіп кетсе — айқайлап көмек шақыр, өзің барма!
Ата-аналар, балаларыңызға көктемгі мұздың қауіпті екенін түсіндіріңіз.
Бір сәттік ойын — үлкен қатерге әкелуі мүмкін.