Жаңалықтар
❄️⛄ «Қардан жасалған мүсін» байқауы — шығармашылық пен бірліктің мерекесі! ⛄❄️
❄️⛄ «Қардан жасалған мүсін» байқауы — шығармашылық пен бірліктің мерекесі! ⛄❄️Балабақшамызда ата-аналар мен балалардың қатысуымен керемет «Қардан жасалған мүсін» байқауы өтті. Әр топ өз алаңқайында ерекше қиялмен, үлкен сүйіспеншілікпен әсем қар мүсіндерін жасап, нағыз ертегі әлемін қалыптастырды ✨Байқау қорытындысын шығару оңай болған жоқ — барлық мүсіндер бір-бірінен өтеді әдемі, креативті және мағыналы болды 🤍🏆 1 орын иегерлері:🌟 «Алтын сақа»🌟 «Бәйтерек»🌟 «Дарын»🌟 «Балдырған»🌟 «Зияткер» топтары🥈 2 орын иегерлері:✨ «Самұрық»✨ «Бір тамшы»✨ «Алтын балық»✨ «Ақбота»✨ «Алпамыс» топтары🎉 Барлық қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз!🤝

«Shabyt Kids» республикалық байқауы
«Shabyt Kids» республикалық байқауы – балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, музыкалық өнерге деген қызығушылығын арттыруға, жас таланттарды анықтап, олардың өнерін кеңінен насихаттауға бағытталған маңызды шығармашылық алаң. Байқауға қатысушылар өздерінің вокалдық және аспаптық орындаушылық шеберліктерін, музыкалық қабілеттерін, сахна мәдениетін және шығармашылық ізденістерін жоғары деңгейде көрсете білді. Вокалдық бағыт бойынша қатысушылардың ән орындау мәнері, дауыс ерекшелігі, музыкалық ырғақты сезінуі, шығарманың мазмұнын жеткізе білуі мен сахнада өзін-өзі ұстауы назар аударуға тұрарлық. Әрбір орындаушының өнерінен дайындықтың, ізденістің және ұстаз еңбегінің нәтижесі байқалады. Аспаптық өнер бағытында